

17-02-2025ж.
Семинар жоғары деңгейде өтті.Кеңес беру пунктінің жұмысын «Таңшолпан»балабақшасының әдіскері Рая Жумалиевна жақсы,түсінікті таныстырды.
Ағымдағы жылдың 12 ақпанында №34 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасы базасында «Көшбасшылар мектебі» жұмыс жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласының балабақшаларының басшыларына арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда консультациялық пунктінің жұмысын ұйымдастыру » тақырыбындағы семинар болып өтті. Семинар офлайн және онлайн түрінде, балабақшаның инстаграммынан тікелей эфирмен өткізілді. Балабақша меңгерушісі Айжан Ержановна КП басшылыққа алатын нормативтік құжаттарын , әдіскер Рая Жумалиевна КП -нің жалпы жұмысы, ата-аналармен жұмысы туралы айтып өтті. Логопед Жақсыгүл Узақбаевна балалармен жүргізілетін ұйымдастырылған іс-әрекеттердің әдіс-тәсілі, қолданатын көрнекіліктермен таныстырды. Баяндамашыларға сұрақтар қойылды, қанағаттанарлық жауаптар болды.
14-03-2024ж
21-02-2024ж
№ 34 “Таңшолпан” бөбекжай- балабақшасы» МКҚК жанынан ашылған “Ата-аналарға кеңес беру орталығының” маманы әлеуметтік педагог Қ.С.Қуантаеваның ұйымдастырылған ашық сабағы. “Отбасы- тәрбие бастауы” тақырыбында өткізілген бұл шараға М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мектеп- лицейінің психологі, білікті логопед маман А.Ө.Музеева, “Ару Омар” сөйлеуді дамыту орталығының маманы А.Алғазықызы, “Әжелер мектебі” мен “Әкелер мектебінің” өкілдері қатысты. Ата-аналарға кеңес бағытында ұйымдастырылған іс-шарада өзекті мәселелер қозғалып, ұтымды ой-пікірлер тыңдалды. Инстаграм желісінде тікелей көрсетілім арқылы көптеген ата-ана тамашалады.
Мақсаты: түзету жұмысына ынталандыру,саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету.Зейін, ойлау қабілетін дамыту.Арнайы логопедиялық тапсырмаларға қарай артикуляцияны дұрыс қалыптастыру.Тыныс алу жаттығу арқылы дыбыстардың анық айтылуын қамтамасыз ету.
Ойын әдісі арқылы ұсақ қол моторикасын дамыту.Тустер мен пішіндерді танып, игеру.Әңгімелесу әдісі арқылы баламен сырласу, әлеуметтік жағдайын аңықтау
Сабақтың тақырыбы: теңіздегі тіршілік иесі. Су терапиясы арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту, түстерді ажырату, теңіздегі тіршілік иелерімен танысу.»Алтын балық» тренингі арқылы балалардың ішкі қалауын аңықтау
Сабақ тақырыбы: Мен және менің достарым.Аяқталмаған суретті салып, әсемдеп бояйды.Әр суретке ат қойып, мазмұндайда. Нәтижесінде: балалардың ұсақ қол моторикасы дамып, шығармашылық қабілеттері артады.Сөйлеу, ойлау жүзеге асады

Қайшымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, еңбекке, шығармашылыққа баулу.Баланың сөйлек құзыреттілігін және қимыл әрекеттерін қалыптастыруға ұсақ қол моторика жұмыстарының әсері зор.
15-11-2023ж
«Мен және менің достарым» тақырыбында өткізілген, «аяқталмаған сурет» әдістемесі.Балалар әр суретке ат қойып, әсемдеп бояп, мазмұндайды. Балалардың ұсақ қол моторикасының дамып, шығармашылық қабілеттерінің артуына септігін тигізеді.Сөйлеу, ойлау жүзеге асады.
17.02.2025ж

Құжаттар
2023-2024 оқу жылындағы ата-аналарға кеңес беру орталығының жұмыс жоспары