Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., мкр 12, 68
+77058399247 меңгеруші +77766919977 есепші
tansholpan34-bb@mail.ru

Жаналықтар

«Театрландырылған әрекет арқылы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру» семинар-практикум болып өтті.

№34 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасында «Театрландырылған әрекет арқылы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру» тақырыбында семинар-практикум болып өтті. Жауаптылар теориялық бөлімде Мергалиева Г.А мен Исаева А.А өз баяндамаларын іш пыстыратын оқумен емес, басқаша сахналау арқылы түсіндіріп, тәжірибелік бөлімді Қуантаева Қ.С, Жақсыбаева Н.Қ, тамаша қойылым арқылы көрсетті. Семинарда Қымбат Сабитжанқызы «Алақай» театрының тыныс-тіршілігін, қуыршақтармен қалай жұмыс жасайды, оларды қалай тігіп…
Читать дальше

Күресу мақсатында педагогтермен тәрбие сағаты өтті.

Балабақша ұжымында алаяқтармен күресу мақсатында педагогтермен тәрбие сағаты өтті. Алаяқтардан сақтану шараларын бірлескен әдіс-тәсілдер көрсетілді

«Теннис Федерациясы» Республикалық Қоғамдық бірлестігі ОБЖСМ » «Мен теннис жайлы не білемін?» интеллектуалдық байқауы болып өтті.

Бүгін №34 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасында «Теннис Федерациясы» Республикалық Қоғамдық бірлестігі ОБЖСМ » 10-ға дейінгі теннис» бағдарламасы бойынша, тенниске қатысушылар арасында «Мен теннис жайлы не білемін?» интеллектуалдық байқауы болып өтті.Республикалық жарыстарда Ақтөбе қаласының балалары үнемі жеңімпаз болып жүргенін естіп қуанып қалдық.Барлық теннис ойнайтын балалар , ойынды балабақша қабырғасында бастағаны бізге мақтаныш болды.

«Ақтөбе-Өрлеу» филиалы өкілдерінің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдарда балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторинг жұмыстары жалғасуда.

Тәуелсіз сарапшылар, облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің және «Ақтөбе-Өрлеу» филиалы өкілдерінің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдарда балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы мониторинг жұмыстары жалғасуда.Зерделеу жүргізу барысында ұйымдардың құжаттары, ішкі тәртіп ережесі, бөлмелердің жылуы, қажет жабдықтар, бөбекжайда үнемі медбикенің болуы, педагогикалық қызметкерлердің білімі, мамандығы, біліктілік санаты, лауазымдық міндеттері бойынша нұсқаулықтары зерделенуде.…
Читать дальше

«Ұлттық таным»бөлмесіне саяхат жасап, жәдігерлерімізді көрсетті.

«Желкен» ересек тобы тәрбиеленушілеріне«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, ұлттық тәрбие беру мақсатында балабақшамыздың «Ұлттық таным»бөлмесіне саяхат жасап, жәдігерлерімізді көрсетті.Тәрбиеші: Түгел А.А https://www.instagram.com/reel/C2UGor2Mp0F/?igsh=MTdndm16NzE2dHlydw%3D%3D

«Madi Security» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет атқарады.

№34 «Таңшолпан» бөбекжай- балабақшасында балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, күзет «Madi Security» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет атқарады. Балабақшаға домофон, турникет арқылы кіреді. Дабыл түймесі, бейне камералар орнатылған. https://www.instagram.com/p/C2MgmvVMRx6/?igsh=NDgweGkzbzN6dmlz

darabala.kz сайтына кіру арқылы жолдама алу жүзеге асатынын хабарлаймыз.

Құрметті ата-аналар! Балабақшаға кезекке тұру және жолдама алу өзгерді, енді darabala.kz сайтына кіру арқылы жолдама алу жүзеге асатынын хабарлаймыз.

Балабақшада «Сенімхат поштасы», «Сенім телефоны» жұмыс істейтінін ескертеміз.

Балабақшада «Сенімхат поштасы», «Сенім телефоны» жұмыс істейтінін ескертеміз.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген 3 қаңтардағы сұхбаты тыңдалды.

№34 «Таңшолпан» бөбекжай—балабақшасы ұжымында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне берген 3 қаңтардағы сұхбаты тыңдалды. 2023 жыл қорытындысы мен 2024 жылдың міндеттерімен таныстырылды. https://www.instagram.com/p/C2KqVO6MVp9/?igsh=MXZzOGtpNDIwZHpxbA%3D%3D&img_index=4

«Мектепке дейінгі ұйымдарда балаға зорлық-зомбылықтың алдын — алу» облыстық семинар-практикумы өтті.

34 «Таңшолпан» бөбекжай -балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлеріне, дефектологтарына және логопедтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда балаға зорлық-зомбылықтың алдын — алу» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті. Семинарды қалалық білім беру «Әдістемелік кабинет» бөлім меңгерушісі Г.У. Миндалина және #34″Таңшолпан» бөбекжай-балабақша, #19 «Бұлақ» балабақшасы өткізді. Семинарға келген педагогтер тәжірибе алмасып, маңызды мағлұматтар алды. https://www.instagram.com/p/C18wyv6MliR/?igsh=bzkwNzhyZjNldGxr