5 ноября 2026
«ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС» – БІЛІМ МЕН ТАПҚЫРЛЫҚ БӘСЕКЕСІ!
Балабақшамызда «Достық» және «Желкен» мектепалды топтары арасында қызықты әрі танымдық «Зияткерлік сайыс» өткізілді. 🎉
Сайыстың мақсаты – балалардың ойлау қабілетін, зейінін, есте сақтауын дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, тапқырлыққа, шапшаңдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сайыс барысында бүлдіршіндер:
📚 мақал-мәтелдерді жалғастырды;
🧩 жұмбақтардың шешуін тапты;
🔍 «Қайсысы артық?» тапсырмасын орындады.
Балалар өздерінің білімдерін, алғырлықтары мен тапқырлықтарын көрсетіп, сайысқа белсене қатысты. Әр тапсырма қызықты өтіп, бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады! 🥰
👏 Осындай танымдық шаралар балалардың жан-жақты дамуына, өзіне деген сенімділігін арттыруға үлкен үлес қосады.
Ұйымдастырушы: музыка жетекшісі Ермағамбетова
Тәрбиешілер:
Мәлікова Ж.М., Түгел А.А., Айтжанова Н.А.