«Балапан» ортаңғы тобы ата-аналары сенбілікке шығып, жеміс көшеттерін отырғызу жобасын бастады. Алаңдарына екі алма ағашын отырғызып, келешекте балабақша тәрбиеленушілерінің алманы өз алаңдарынан жейтініне, өздерінің болашаққа із қалдырғандарына риза болып тарасты.
34 «Таңшолпан» бөбекжай -балабақшасы ұжымы апталық «Таза бейсенбі» акциясын өткізіп, барлық аумақты тұрмыстық қоқыстардан, жапырақтардан, құрғақ шөптерден, бұтақтардан тазалау жұмыстарын жүргізді.