«АЙНАЛАЙЫН» ЧЕЛЛЕНДЖІ …

«АЙНАЛАЙЫН» ЧЕЛЛЕНДЖІ
Балаларды ерте дамыту институты «АЙНАЛАЙЫН» тақырыбында челлендж ұйымдастыратынын хабарлайды.
Бұл шараға мемлекеттік және жекеменшік мектепке дейінгі ұйымның және мектепалды сынып педагогтері қатысады.
Және де бір топта жұмыс атқаратын екі тәрбиешінің бірлесіп қатысуына болады.
Қатысушы мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау кезіндегі бала үнін ести білудің ерекшеліктері, мейірімді маман болудағы ізгі қасиеттері, бала жүрегіне жол табу, балалармен қарым-қатынас жасаудағы өзінің озат тәжірибесімен, кез-келген ситуациядан шыға білу қабілетімен видео материал арқылы бөліседі.
Видео материал ұсына отырып өзіңіздің тәжірибиеңізді Республика көлемінде таратуға мүмкіндігіңіз бар.
Талапқа сай қабылданған видеороликтер Балаларды ерте дамыту институтының әлеуметтік желідегі парақшаларына жарияланып, үздік жасалған видео материал иесі Алғыс хатпен марапатталады.
Баршаңызға сәттілік тілейміз!
Челленджге қатысушыға қойылатын талаптар:
1. Бейнероликте қатысушының аты-жөнін, жұмыс орнын (мектепке дейінгі ұйым атауы) және өңірін көрсету қажет.
2. Бейнероликтің ұзақтығы 2 минуттан аспайды.
3. Түсірілім кәсіби түрде, сапасы жоғары болуы қажет.
4.Қатысушылар Балаларды ерте дамыту институтының @_balalardy_damytu_instituty инстаграм парақшасына жазылуы міндетті
5. Әзірленген видео материалды қатысушы #Айналайын2025 хэштегімен өзінің немесе балабақшаның Instagram желісіндегі аккаунтына орналастыруы тиіс.
6. Бейнероликтер тек #Айналайын2025 хэштег арқылы қабылданады
7. Челлендж 2025 жылдың 1-31 шілде аралығында өтеді
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РКМайра МелдебековаМанара АдамоваМария ЕрмановаДепартамент дошкольного образования