Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., мкр 12, 68
+77058399247 меңгеруші +77766919977 есепші
tansholpan34-bb@mail.ru

«Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

«Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

«Ақтөбе қаласы білім бөлімі» ММ балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі қауіпсіз іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында балабақша бітірушілері мен 4, 9, 11 сынып түлектеріне арналған 2024-2025 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау және өзге де мерекелер мен мектепішілік іс-шараларға байланысты мына жағдайларды ескертеді❗

✅ЕРЕЖЕ:
🔴Сыйлықсыз немесе ақшасыз алғыс айтуға тек ризашылық сөздермен және алғыс хаттармен шектелуі тиіс.
🔴Іс-шара кезінде балабақша, мектеп аумағында рұқсатсыз шығуға қатаң тыйым салынады.
🔴Тәрбиешілер мен сынып жетекшілер әр баланың қатысуын тізім бойынша бақылап, ата-аналармен байланыста болуы қажет.
🔴Ұялы телефондарды мақсатсыз қолдану, әсіресе видео түсіру немесе әлеуметтік желіге жүктеу, шектеулі болады.
🔴Сыйластық пен тәртіпке сай емес әрекеттер (дауыс көтеру, рұқсатсыз сөйлеу, өз бетінше шешім қабылдау) – жол берілмейді.
🔴Ата-аналар тарапынан ұйымдастырылатын кез келген әрекет (фото/видео, киім, декор, т.б) алдымен балабақша, мектеп әкімшілігімен келісуі тиіс.

❌ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🔷4, 9,11 сынып оқушыларынан мектеп әкімшіліктеріне орай ақша жинауға;
🔷Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға;
🔷Білім беру ұйымдары мен мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге;
🔷Білім беру ұйымдарының жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинауға;
🔷Отшашу, фейерверк, автокөлік шеруі сияқты қауіп тудыратын әрекеттерді ұйымдастыруға;
🔷Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап етуге;
Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

✅ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
☑Балабақша түлектерінің шарасына тек баланың заңды өкілі қатыса алады;
☑«Соңғы қоңырау» шарасына тек оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады;
☑Барлық білім алушыларға қауіпсіздік ережелері алдын-ала таныстырылады;
☑Сынып жетекшілер іс-шара барысын үйлестіріп, тәртіп пен жауапкершілікті қадағалайды;

☑Түлектердің және қатысушылардың киімі мектеп формасына сай болуы
немесе классикалық іскерлік стильде болуы тиіс;
☑️Іс-шаралар білім беру ұйымдарының аумағында және бекітілген тәртіп бойынша өткізіледі;
☑Медициналық көмек көрсету үшін кезекші медицина қызметкері болуы тиіс;
☑Барлық шаралар ҚР Білім және ғылым министрлігінің, жергілікті білім басқармасының, білім бөлімінің және санитарлық талаптардың ережелеріне сай жүргізілуі тиіс.

Құрметті Ата-аналар!

Жоғарыда аталған талаптарды қаперге алып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне және білім ордасының ішіндегі тәртіпке жауапкершілікпен қарауыңызды сұраймыз.

Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса
46-54-64 байланыс нөміріне хабарласуларыңызға болады.
Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, 12 мөлтек ауданы 68А

Толығырақ

Бөлісу/Поделиться:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *