Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., мкр 12, 68
+77058399247 меңгеруші +77766919977 есепші
tansholpan34-bb@mail.ru

Әлеуметтік педагог жұмысы

 

Дата:21.09.2022


06.02.2024ж

дата:25.02.2025

“Зерделі ана, зерек бала” атты интеллектуалдық сайыс.
Консультациялық пунктінің мамандары Қ.С.Қуантаева мен Ж.Жамалованың ұйымдастыруымен өткізілген сайыстың басты мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру, отбасындағы мейірімділік, татулық, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.
Төрт кезеңнен тұратын интеллектуалдық сайысқа 5 жастағы балалар аналарымен бірге қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша “Бас жүлдені” Даутова Амангул мен қызы Дүйсенбаева Аяла иеленді.
25.02.2025

05.03.2025

“Шын жүректен ойыншық сыйла” акциясы.
Консультациялық пунктінің әлеуметтік педагогі Қ.С.Қуантаеваның ұйымдастыруымен өткізілген шараның басты мақсаты: балаларға қуаныш сыйлау.Мейірімді, қамқор жомарт болуға шақыру.Адам бойындағы қайырымдылық қасиетті насихаттау.Акцияға барлығы 64 ата-ана қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға атсалысты.Акцияның соңғы  күні жомар жанды  барша ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.

Дата: 15.02.2025

Консультациялық пунктінің әлеуметтік педагогі Қ.С.Қуантаеваның балалармен өткізген ертегі терапиясы.
Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады

Дата:23.10.2024

23-ші қазан күні консультациялық пункттің әлеуметтік педагогі Қ.С.Қуантаеваның ұйымдастыруымен “Әлеуметтік-психологиялық тренинг-жаттығулар” өткізілді. Тренинг-жаттығудың мақсаты: баланың даму жолында ата-ананың қолдауының маңыздылығын ұғындыру.Ата-ана мен педагог арасындағы өзара ынтымақтастықтың, бірлескен әрекеттердің тиімділігін түсіндіру.

14.09.2022ж

Қазан айында консультациялық пункттің әлеуметтік педагогі Қ.С.Қуантаеваның балалармен жүргізген жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері 14-ші қазан “Бала бойындағы қорқынышты жеңу” бойынша жұптық сабақ. 15-ші қазан “Бала бойындағы гипербелсенділік пен сөйлеу тілінің кешеуілдеуі” бойынша жеке түзету жұмысы 17-ші қазан “Ұялы телефонның зияны” тақырыбында топтық жұмыс жүргізілді