
Карабалина Айжан Ержановна — меңгерушісі
Әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамы
Әкімшілік –басқару қызметкерлерінің құрамы штаттық кестеге сай жұмыс жасайды. Әкімшілік – басқару қызметкерлер құрамы төмендегіше:
№34 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасын басқару қызметін Айжан Ержановна Карабалина атқарады. Педагогикалық еңбек өтілі 19 жыл. Осы аталған мекемеде 11.06.2018 жылдан жұмыс жасауда. Білімі – жоғары:
Ақтөбе Педагогикалық институтын 2007 жылы «Педагог және психолог» мамандығы бойынша және 2023 жылы Қазақ – орыс Халықаралық университетін «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығын бітірген.
Басқару қызметін талдауы басшы мен әкімшілікпен, педагогтар арасында өзара анықталған қарым-қатынаста аналитикалық жұмыс жүйесін түсінікпен орындалатынын көрсетеді. Басқару қызметі педагогикалық ұйымның шапшаңдылығына және әр түрлі құбылыс қызметі туралы басқа түрдегі ақпаратпен негізделеді. Жылдық жұмыстың жоспарын талдау соңғы 4 жыл ішінде педагогикалық кеңес хаттамасы, оқу тәрбие процесін бақылау негізінде жұмыстың барлық құбылысы қаралды.
Әдіскер – Р.Ж. Боранбаева №34 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасында 2017 жылдан бастап жұмыс жасайды. Осы қызметі бойынша 2018 жылдың маусым айынан бастап жұмыс жасайды. Білімі – жоғары, санаты – әдіскер лауазымы бойынша педагог- модератор .Ақтөбе педагогикалық училищесінің «Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие» мамандығы бойынша 1985 жыл бітірген, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті 2020 жыл, мамандығы: «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»
Шаруашылық меңгерушісі С.Ш.Ерекенова 2009 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс жасайды. Білімі – орта арнаулы. Іс қағаздарын жүргізуі талаптарға сай, іс-қағаздар номенклатурасы қалыптастырылған, меңгерушімен бекітіліп, құрылтайшымен келісілген. Осы құжаттар негізінде төмендегі құжаттар қалыптастырылған.
Мейірбике – Булекова Гүлнар Султановна білімі арнаулы орта, Ақтөбе медицина училищесі бітірген, осы мекемеде еңбек өтілі 13 жыл.
Медбикенің құжаттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 09 шілдесіндегі № 23469 бұйрығы негізінде «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» бойынша жинақталған.
Есепші – Г.К.Мукашева. Білімі – жоғары. Қазақ – орыс халықаралық университет 2014жылы. №34 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасында 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасауда. Барлық құжаттарын уақытында жүргізеді. Мемориалдық кітап жүргізіледі, тігілген, нөмірленген. Ата-аналар жарнасының шоттары бар, айналым ведомосы бар, талаптарға сай жүргізіледі.
Барлық атқарушылардың жауапкершілік деңгейін қамтамасыз ететін әкімшілік мүшелерінің арасында функционалды міндеттері белгіленген. Меңгерушінің нормативті құжаттарға арналған жинақ папкісі бар. Меңгерушіге қажетті барлық құжаттары талапқа сай. Бұйрықтар кітаптары сауатты жүргізілген. Мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жоспар бойынша жұмыстар жүргізілген. Мектепке дейінгі ұжымда салауатты психологиялық жақсы ахуалды қарым-қатынас қалыптастырылған.