«14 наурыз -Көрісу күніне»
№34 «Таңшолпан» бөбекжай — балабақшасы мектепалды топтары «14 наурыз -Көрісу күніне» орай «Наурыздың жаршысы -көрісу» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Амал мерекесінде төрт топ тәрбиешілері балаларға ұлтымыздың салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарымызды түсіндіру арқылы тәлім-тәрбие берді.