Дата:21.09.2022
Консультациялық пунктінің әлеуметтік педагогі Қ.С.Қуантаеваның баламен жүргізілген жеке жұмысы. Ойын әдісі арқылы ұсақ қол
06.02.2024ж
№ 34 “Таңшолпан” бөбекжай- балабақшасы» МКҚК жанынан ашылған “Ата-аналарға кеңес беру орталығының” маманы әлеуметтік педагог Қ.С.Қуантаеваның ұйымдастырылған ашық сабағы. “Отбасы- тәрбие бастауы” тақырыбында өткізілген бұл шараға М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мектеп- лицейінің психологі, білікті логопед маман А.Ө.Музеева, “Ару Омар” сөйлеуді дамыту орталығының маманы А.Алғазықызы, “Әжелер мектебі” мен “Әкелер мектебінің” өкілдері қатысты. Ата-аналарға кеңес бағытында ұйымдастырылған іс-шарада өзекті мәселелер қозғалып, ұтымды ой-пікірлер тыңдалды. Инстаграм желісінде тікелей көрсетілім арқылы көптеген ата-ана тамашалады.
https://www.instagram.com/reel/C3nkJwUMOnYkE8cPuncnetMv3xhQxwCEQKg7fw0/?igsh=MWFudmYzaTUyeHZjNw%3D%3D
дата:25.02.2025
“Зерделі ана, зерек бала” атты интеллектуалдық сайыс.
Консультациялық пунктінің мамандары Қ.С.Қуантаева мен Ж.Жамалованың ұйымдастыруымен өткізілген сайыстың басты мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру, отбасындағы мейірімділік, татулық, адамгершілік сезімдерін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарымызды насихаттау.
Төрт кезеңнен тұратын интеллектуалдық сайысқа 5 жастағы балалар аналарымен бірге қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша “Бас жүлдені” Даутова Амангул мен қызы Дүйсенбаева Аяла иеленді.
25.02.2025
05.03.2025
“Шын жүректен ойыншық сыйла” акциясы.
Консультациялық пунктінің әлеуметтік педагогі Қ.С.Қуантаеваның ұйымдастыруымен өткізілген шараның басты мақсаты: балаларға қуаныш сыйлау.Мейірімді, қамқор жомарт болуға шақыру.Адам бойындағы қайырымдылық қасиетті насихаттау.Акцияға барлығы 64 ата-ана қатысып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға атсалысты.Акцияның соңғы күні жомар жанды барша ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.
Дата: 15.02.2025
Консультациялық пунктінің әлеуметтік педагогі Қ.С.Қуантаеваның балалармен өткізген ертегі терапиясы.
Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады
Дата:23.10.2024
23-ші қазан күні консультациялық пункттің әлеуметтік педагогі Қ.С.Қуантаеваның ұйымдастыруымен “Әлеуметтік-психологиялық тренинг-жаттығулар” өткізілді. Тренинг-жаттығудың мақсаты: баланың даму жолында ата-ананың қолдауының маңыздылығын ұғындыру.Ата-ана мен педагог арасындағы өзара ынтымақтастықтың, бірлескен әрекеттердің тиімділігін түсіндіру.
14.09.2022ж

Қазан айында консультациялық пункттің әлеуметтік педагогі Қ.С.Қуантаеваның балалармен жүргізген жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері 14-ші қазан “Бала бойындағы қорқынышты жеңу” бойынша жұптық сабақ. 15-ші қазан “Бала бойындағы гипербелсенділік пен сөйлеу тілінің кешеуілдеуі” бойынша жеке түзету жұмысы 17-ші қазан “Ұялы телефонның зияны” тақырыбында топтық жұмыс жүргізілді