«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының жаңа ережесімен танысып, өз пікірлерін айтты.
«Таңшолпан» бөбекжай -балабақшасы педагогтері «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының жаңа ережесімен танысып, өз пікірлерін айтты. Меңгеруші А. Е Карабалина кезектен тыс жиналысты ашып, болып жатқан өзгерістерді айтып өтті. Әдіскер Р.Ж Боранбаева жалпы ережелерге тоқталып, өзгерістерді баяндады. Тәрбиеші Төребекова Г.М , музыка жетекшісі Ермағамбетова А.Н өз пікірлерін айтты. Дене шынықтыру нұсқаушысы Бримтаева Н.О тест сұрақтары өз пәнімізден болса деп ұсынысын айтты. Тәрбиеші Ж.М Мәлікова арнаулы орта білімді педагогтердің сарапшы санатына дейін өтініш бере алатыны жақсы болғандығын, оған дейін жоғары оқу орнын тәмамдауға болатындығы қолдаймын деді. Жаңа жобаға әр педагог үн қосып, талдады. Еліміздің педагогтерге берілген мүмкіндіктерге ризашылықтарын білдірді.
https://www.instagram.com/p/C4K390RM9es_JV9CsagJi7x1RN8feBMf60vKFw0/?igsh=OXp6cDdxM3czY242