31.01.2025ж
17-04-2024ж.
34 «Таңшолпан» бөбекжай -балабақшасы ұжымында кезекті педагогикалық кеңес болып өтті. «Мектепке дейінгі жастағы балалардың сөздік қорын молайтып, тілін дамыту» тақырыбында мәселе қозғалып, Туманбаева Ж.С, Сагиндыкова Н.С, Бримтаева Н. О, Қаленова А.О баяндама оқып, әріптестерімен ойын ойнап, мәселе жөнінде кеңесті.

17-04-2024ж.
«Желкен» ересек тобының тантамареска

Педагогикалық кеңесте өткен педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуына талдау жасалып, театр түрлерін жасау тапсырмаларын орындаған топтар өз жұмыстарын көрсетті.











30-11-2023ж.
34 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақша ұжымында кезекті педагогикалық кеңес болып өтті. Ақпараттық жаңа технологиялардың түрлі тәсілдерін меңгерген педагогтер әріптестеріне әдіс-тәсілдер көрсетіп, тәжірибе алмасты. Түрлі бейнефильм және мультфильм жасау әдістерін көрсетті. Мобильді кітапхананы пайдаланған топтағы жұмыстарын бейнефильм арқылы көрсетті
30-11-2023ж.
Педагогикалық кеңесте түрлі ақпараттық технологиямен танысқан педагогтерге, балабақша психологы Саяжан Қуатқызы қызықты тренинг жасады. Педагогтер кеңесті керемет көңіл-күймен аяқтады. Жаңа ақпараттық технологияның түрін меңгерген балабақша педагогтері, жаңа жылда жаңа міндетті бастауға шешім қабылдады.
28-11-2023ж.
34 «Таңшолпан» б/б ұжымында жоспарлы семинар болып өтті. Семинарда балабақшаның алдына қойған өткен жылғы міндетін қорытындылау мақсатында теориялық, тәжірибелік бөлімдер жұмысын жауапты педагогтар жүргізді. Заманауи технологияны пайдалану кеңінен талқыланды. Педагогтер әріптестерімен өз тәжірибелерін ортаға салып, тәжірибе алмасты.
28-11-2023ж.
Педагогикалық кеңес
№34 Таңшолпан бөбекжай-балабақшасы педагогикалық кеңесінің 5 хатаммасынан үзінді көшірме 31-05-2023ж
Педагогикалық әдеп кеңесіндегі жағдаяттарға қойылым.
19.02.2025 жылы №34 «Таңшолпан» бөбекжай- балабақшасы ұжымында педагогтер арасында отырыс болып өтті. Отырыстың күн тәртібінде:
1. Ұйымдағы педагогтердің сапалық құрамын арттыру;
2. Педагогтердің уақытылы аттестациядан өтуі қамтамасыз ету;
3. Педагогтердің уақытылы біліктілік арттыру курстарынан өтуін ұйымдастыру
4. Балабақшада педагог-шебер болуды қамтамасыз ету.
Балабақша меңгерушісі А.Е.Карабалина ұжымдағы педагогтердің сапалық құрамының 82.3 пайызға өскендігін, енді қалған жас мамандарға алдағы уақытта жұмыстану керектігін айтып өтті. Педагогтардың аттестациясы туралы да айтылып өтті. Биылғы біліктілік курсына баратын педагогтер туралы әдіскер Р.Ж.Боранбаева айтып өтті. Педагог-зерттеуші санатты педагогке педагог-шебер санатына дайындалуын айтты.