«Ақтөбе-Өрлеу» филиалы өкілдерінің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдарда балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторинг жұмыстары жалғасуда.

Тәуелсіз сарапшылар, облыстық қоғамдық кеңесінің мүшелері, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің және «Ақтөбе-Өрлеу» филиалы өкілдерінің қатысуымен мектепке дейінгі ұйымдарда балалар өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы мониторинг жұмыстары жалғасуда.
Зерделеу жүргізу барысында ұйымдардың құжаттары, ішкі тәртіп ережесі, бөлмелердің жылуы, қажет жабдықтар, бөбекжайда үнемі медбикенің болуы, педагогикалық қызметкерлердің білімі, мамандығы, біліктілік санаты, лауазымдық міндеттері бойынша нұсқаулықтары зерделенуде. Аталған бағыттағы жұмыстар өңірде жалғасын табатын болады.
Ақтөбе Өрлеу https://www.instagram.com/p/C2iCJiEMYYW/?img_index=1